«SuperStar KZ»: Телевизиялық түсірілім басталды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының бастамасымен эфирге шығатын «SuperStar KZ» жобасының телевизиялық түсірілімі басталды.
Бір кездері миллиондаған көрерменді теледидар алдына жинап, талай таланттың жұлдызын жаққан, аты аңызға айналған жоба араға 20 жыл салып қайта оралды. «SuperStar KZ» – еліміздегі ең танымал музыкалық шоу. Бағдарлама алғаш эфирге шыққан кезден-ақ жас орындаушыларды үлкен сахнаға шығарып, олардың өнерін халыққа танытты. Мегажоба арқылы көптеген әншінің шығармашылық жолы басталып, бүгінде олар елге танымал өнер қайраткерлеріне айналды. «SuperStar KZ»-тің қайта жаңғыруы көрерменге өткен жылдардың жылы естеліктерін сыйлап, ал жаңа буын таланттарына өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады, - дейді ұйымдастырушылар. Олардың айтуынша, заман талабына сай жаңартылған формат, тың идеялар бағдарламаның қызығын одан әрі арттыра түспек. Сәуір айынан бастап іріктеу басталды. Жоба аясында шығармашылық топ еліміздің 9 қаласын аралап, 4 мыңнан астам үміткердің өнерімен танысты. Нәтижесінде үздік 160 қатысушы іріктеліп, қазір телевизиялық түсірілімге қатысып жатыр.
Ең бастысы – бала репертуарды өзі жақсы білуі керек. Өзі қанға сіңген ән болуы керек. Өйткені біз жаңадан репертуар берсек, жаңадан ән таңдасақ балаға дайындық аз. Өздері айтатын әндерін біз іріктеп алдық. Көбінесе қайталанбас үшін әндер бір қатысушыдан 5-6 ән сұрадық.
Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, өнерін қазылар алқасының алдында дәлелдеуі тиіс. Алғашқы кезеңде үміткерлер әнді фортепианоның сүйемелдеуімен немесе акапелла орындайды. Бұл кезеңде олардың вокалдық қабілеті, дауыс диапазоны мен сахнадағы өзін-өзі ұстауы бағаланады.Келесі турда қатысушылар бірнеше әннен үзінді орындап, түрлі жанрдағы шығармаларды меңгеру деңгейін көрсетеді. Осы арқылы қазылар алқасы олардың музыкалық талғамын, орындаушылық шеберлігін және әртүрлі образға ене алу қабілетін саралайды.
Бұл жоба үлкен сахнаға шығуға жолдама береді. Міне алдарыңызда тұрған мен соған дәлелмін. Өйткені менің өнер жолым «SuperStar KZ» жобасынан басталды. Толқу болды, қуаныш болды. Бәрі аралас қобалжу болды. Осы жолы маған артқан үмітті ақтай аламын ба, әділқазы бола аламын ба деген толқыныстар бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы