Басты Жаңалықтар Өскемендегі трамвай паркін біртіндеп жаңартуда

Өскемендегі трамвай паркін біртіндеп жаңартуда

Өскемендегі трамвай паркі жаңа 3 трамваймен толықты. Жалпы бағасы 1 миллиард 16 миллион теңге болатын бұл көліктер Беларусь елінде жасалған. Соңғы үлгідегі трамвайлар барлық талапқа сай. Кембағал және арбамен жүретін азаматтардың трамвайға мініп-түсуі де қарастырылған. Салқындатқыш орнатылып, ғаламторға қосылған. Жалпы Өскеменде  трамвай паркі кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. 2022 жылдан бері қалаға жеті трамвай әкелінсе, бұл жолы тағы үшеуі жеткізілді. Нәтижесінде бүгінде Өскеменнің трамвай паркінде 10 жаңа вагон жолаушы тасымалдап жүр. Сала мамандардың айтуынша трамвай паркі қалыпты жұмыс істеу үшін 20 вагон болу керек. Ал экологиялық ахуалы тым нашар Өскемен үшін трамвай көлігінің маңызы зор. Сондықтан былтырдан бері облыс басшылығы қаладағы автопарктерді үздіксіз жаңғыртып келеді.Тек биыл 12 электробус алынды. Жыл соңына дейін тағы 15 көлік алу жоспарланып отыр.

Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Бұған дейін трамвайды қала тұрғындарының 7 пайызы пайдаланса, бүгінгі күні 320 мыңнан астам адам осы трамвайды пайдаланады екен. Бұл жүретін жолаушылардың 10 пайызы. Жаңа трамвай болған соң халық та көбірек пайдаланады. Келесі жылдары 3-4 трамвайдан алып отырамыз. Сөйтіп 2-3 жылда барлық трамвайды жаңа трамваймен ауыстырамыз.

Бөлісу