Басты Жаңалықтар Мүгедектігі бар 6500 адам жұмыспен қамтылады

Мүгедектігі бар 6500 адам жұмыспен қамтылады

Жаңа Конституцияда бекітілген әлеуметтік мемлекет қағидаттары азаматтардың барлық санатын, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды қолдауға бағытталған. Бүгінде елімізде 544 мыңнан астам азаматқа мүгедектік бойынша көмек көрсетіледі. Ал халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысында биыл мүгедектігі бар 6500 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Тақырыпты тілші тарқатады.

Кентау қаласының тұрғыны Ақмарал Бейсенованың туабітті кемістігі бар. 3 – топтағы  мүгедек.  Бірақ ол тағдыр тауқыметіне мойыған емес. Керісінше, шыңдала түстім дейді. Қалалық жұмыспен қамту бөлімі арқылы жергіліті шеберханаға тігінші болып орналасқан.
Ақмарал Бейсенова, тігінші:
Әскери киімдер де тігіеміз. Қандай тапсырыстар келеді, көп нәрсе тіктік негізі. Қазақша киімдерді де, желеттерді де тіктік. Бұл жұмыс шыдамдылықты талап етеді. Хобби десем де болады мен оқымағанмын негізінде.
Өткен жылы өңірде мүгедектігі бар 4690 адам екі қолға бір күрек тапқан. 840 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша курс оқып, 278 тұрғынға қайтарымсыз грант берілген. Ал осы жылы мүгедектігі бар 6500-ден астам азаматты жұмыспен қамту жоспарлануда. Сондай-ақ биыл мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бос жұмыс орындарына 256 квота бөлінді.
Нұржан Сейтеков, Жетісай ауданынынң тұрғыны:
Мына бір сетканы тоқып бітірсек, бізге 15-20 мың теңге береді. Біздерге жақсы нәрсе ғой бұл. Бізге отырған адамдарға әсіресе әрі қолымызға күш қуат береді әрі ойымызды өсіреді. Тоқыған өзімізге ыңғайлы, өзімізге жақсы.
Бұл Сауран ауданынан ашылған «Самғау» оңалту орталығы. 200 орындық замануи кешен 18 жастан асқан мүгедектігі бар азаматтарға арналған. Жаңа орталық бір мезгілде 200 адамды қабылдауға қауқарлы. Науқастарға 25 күн бойы медициналық көмекпен қатар, 8 түрлі арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Берік Серікбаев, Қазығұрт ауданының тұрғыны:
Төртінші рет келіп жатырмын осы «Самғау» оңалту орталығына. Өте жақсы мүмкіндігі шектеулі жандарға. Массаж, локомат жақсы. Общий емнің барлығын алып шығамыз. Шыққаннан кейін кәдімгідей жеңілденіп, жүруіміз де сәл жақсарып, пайдасы бар.
Оранғай ауылынан сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Шұғыла» оңалту орталығы да ашылған. Мұнда тірек-қимыл аппараты бұзылған жеткіншектер ем қабылдайды. 90 балаға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Айта кетейік, бүгінде облыста 100 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Оның 40 мыңнан астамы әлеуметтік оңалту қызметіне мұқтаж.


Бөлісу