Жыл сайын 50 мыңнан аса нейрохирургиялық операция жасалады
Елімізде жылына 50 мыңнан астам нейрохирургиялық операция жасалады. Бүгінде әр бір өңірде арнайы бөлімшелер ашылып, 400-ден аса нейрохирург еңбек етіп келеді. Сол жандар Қазақстан нейрохирургтарының 6 конгресінде бас қосты. Қарағанды қаласында өткен жиында саланың даму жолы мен болашағы талқыланды. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған конгресте елімізде нейрохирургияның дамуына үлкен үлес қосқан мамандар марапатталды. Өйткені дәрігерлер заман талабына сай түрлі қондырғыларды меңгеріп, ең қиын деген операцияларды сәтті өткізіп жүр. Сондай-ақ елімізге ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген екен. Осылайша, ел экономикасын жандандыра түсетін жаңа бағыт - медициналық туризм де дами түседі.
Серік Ақшолақов, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ
басқарма төрағасы:
Қан тамырларын емдеу саласы жұлын омыртқаға, жасайтын реконструктивтік операциялар, мидың ісіктеріне жасалынатын нейромодуляция, нейронавигацияда қолданылатын 80-нен астам жаңа технологияларды тәжірибемізге кіргіздік. Қазір ең заманауи, ең жоғары сапалы ем қол жетімді деп айтуға болады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06