Алматыда Qazaq Digital Mektebi жобасын талқылады
Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қалай азайтуға болады? Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Алматы облысындағы көшпелі отырысында талқыланды. Жиында шағын жинақты мектептерге арналған Qazaq Digital Mektebi жобасын енгізу және педагогтердің жаңа технологияларды меңгеру мәселелері қаралды. Жобаны жүзеге асыруға Цифрлық даму және жасанды интеллект министрлігі жан-жақты қолдау көрсетпек.
Жиында жобаны іске асырудың құқықтық және әдістемелік тетіктері де сөз болды. Мәжіліс депутаттарының пікірінше, ауыл мектептерінде цифрлық білім беру жүйесін тиімді енгізу үшін мұғалімдерді даярлау мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Осыған байланысты «Педагог мәртебесі туралы» заңға бірқатар өзгеріс енгізу ұсынылды.
Шалғай ауылдардағы, шағын ауылдардағы мектептерді осы цифрлық платформалар арқылы бірі білім беру жүйесіне, платформасына қосу. Оның барлығы қазір шетелде жақсы, тиімді жүзегеи асып жатыр. Мысалы бір ұстаз осындай платформаларды, технологияларды пайдалану арқылы көптеген білім беру мекемелеріне сабақ бере алады.Жоба интернетке қосылған 500 шағын ауылдағы мектептерді қамтиды деп жоспарланған. Негізгі назар 4-11 сынып оқушыларына аударылады. Бастаманың басты мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан, әр баланың сапалы білім алуына қолжетімді жағдай жасау.
Qazaq Digital Mektebi негізгі мақсаты – осы білім сапасын ауыл, қала мектептерінің арасындағы білім сапасын теңестіру. Әсіресе ауыл мектептеріндегі жағдайды қазір жетілдіру. Министрлік тарапынан жасанды интеллектіні орта білімге енгізуге үлкен кешенді жоспар құрылады.
Өңірде білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да жалғасып жатыр. Соңғы төрт жылда Алматы облысында 69 мектеп ашылып, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында тағы 26 білім ошағы пайдалануға берілген. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны екі есеге қысқарған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы