Еуразиядағы ең ірі цифрлық кластер Екібастұзда құрылады
Еліміз бойынша цифрландыру саласындағы негізгі инвестициялық жоба Павлодар облысында іске асырылады. Қазір Екібастұз аумағында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабының» инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу қарқын алды. Нысан құрылысына 177 гектар жер бөлінген. Жобаны кезең-кезеңімен орындау жоспарланған. 2027 жылы қажетті инженерлік инфрақұрылымды тарту және қуаты 125 МВт тық алғашқы деректерді өңдеу орталығын салу көзделген. Ал 2033 жылы кластердің жалпы қуаты 1 ГВт-қа жетіп, оның аумағында 10-ға тарта заманауи ДАТА- орталығы бой көтереді.
Біз бүгінгі күні су қоймасын жасау үшін Сәтбаев атындағы каналдан техникалық негіздеме алдық. Алты шақырым жерден екі су құбырын тартамыз. Құрылыс басқармасы жобалау құжаттарын дайындап жатыр. Нысанға тәулігіне 2300 текше метр су қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы