Алматыда 1,3 миллиард теңгелік актив мемлекетке қайтарылды
Алматыда мемлекет меншігінен заңсыз шығарылған құны 1,3 миллиард теңгелік актив қайтарылды. Қалалық прокуратураның мәліметінше, «Қазақ энциклопедиясы» серіктестігінің 100% акциясы, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысы бар компаниядан тәркіленді. Сонымен қатар Алматы қаласындағы ауданы 2 мың шаршы метрден асатын ғимарат пен жер телімі де жекенің қолына берілген. Мемлекеттің мүліктік мүддесін қорғау мақсатында прокуратура сотқа талап арыз түсірген. Кассациялық сот қадағалаушы органның талабын толық қанағаттандырып, заңсыз жекешелендірілген активті мемлекетке қайтару туралы шешім шығарды.
Айта кетейік, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 2024 жылы 11 жылға бас
бостандығынан айрылған болатын.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16