Басты Жаңалықтар Абай облысында білім беру гранттарының саны артты

Абай облысында білім беру гранттарының саны артты

Соңғы бес жылда елімізде білім беру гранттарының саны айтарлықтай артып, бүгінде 93 мыңнан асты. Биыл оның 77 мыңнан астамы бакалавриат студенттеріне арналған. Бұл – мыңдаған жастың тегін білім алып, болашақ маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін маңызды мемлекеттік қолдау. Гранттар негізінен инженерия, құрылыс, педагогика және ақпараттық технологиялар салаларына бағытталған. Ал Абай облысында биыл жергілікті бюджет есебінен 200 әкім гранты бөлініп отыр. Бұл өңірдегі сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Оған қоса колледждерде білім алғысы келетін түлектер үшін де мемлекеттік тапсырыс саны артты. Түрлі әлеуметтік санаттағы жастарға да оқуға түсу үшін арнайы квоталар қарастырылған.

Гүлмира Жакупова, облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы:

2020 жылдан бастап облыс құрылғалы облыс әкімі тарапынан 600 грант бөлінген болатын. Ол облысқа қажетті мамандықтарға беріледі. 2026 жылы 6600 мемлекеттік тапсырыс, облысымыздағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына берілген болатын. Биылғы жылы мемлекеттік тапсырыстың көп мөлшері ветеринария, ауыл шаруашылығы, ауыл шаруашылығын механизациялау, сол мамандықтарға бөлініп жатыр.  


Бөлісу