Шерудің соңы тәртіпсіздікке ұласты
Бельгия астанасы Брюссельде бейбіт түрде басталған ұстаздардың шеруі тәртіпсіздікке ұласты. Ереуілшілер полиция қызметкерлеріне жарылғыш заттар лақтырып, қоғамдық ғимараттарды зақымдаған. Брюссельдегі әріптесім Нұрсұлу Қасым қазір оқиға орнында жүр. Мәселенің мән жайын өзінен білейік. Нұрсұлу, алдыңғы хабарымызда шеру бейбіт түрде өтіп жатыр деген едіңіз. Тәртіпсіздік қай кезде орын алды?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Иә, Альбина, мұғалімдердің шеруі бейбіт түрде басталған. Ұстаздар екі сағаттай көшені жүріп өтіп, Валлония Брюссель парламентінің ғимаратына беттеген. Дәл осы уақытта Орталық вокзалдың жанында студенттер мен оқушылардан құралған топ полицияға жарылғыш заттар лақтырып, қақтығысты бастады. Вокзал терезелерін сындырып, көше бойында тұрған велосипедтерді өртеді. Мейрамханалардың орындықтарын, аялдаманы қиратты. Режиссерлар кадрларды көрсетсе, көзілдірік киіп, беттерін тұмашалап алғандар журналистердің де жұмысына кедергі келтірді. Біздің таспагерімізге шабуыл жасап, камерасын тартып алмақ болды. Камераның қақпағын жұлып алып қашты. Біз жаңа полицияға шағым түсірдік.
Полиция қызметкерлері бұзақыларға үлкен қысыммен жіберілетін су мен көз жасаурататын газды қолдануға мәжбүр болды. Полицияның мәліметінше, қоғамдық тәртіпті бұзып, мемлекеттің мүлкін қиратқан 7 адам құрықталған. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Қақтығыстан зардап шеккендер жайлы әзірге ақпарат жоқ.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04