Сотталғандар тәртіп бұзбаса жазасы жеңілдеуі мүмкін
Енді сотталған адам 1 жыл бойы тәртіп бұзбаса жазасы жеңілдеуі мүмкін. Нақтырақ айтқанда, өтелмеген жаза мерзімі сот шешімімен бір айға қысқарады. Бірақ бұл ереже түрмедегілердің бәріне бірдей қолданылмайды. Сенат Қылмыстық, Әкімшілік және іс жүргізу кодекстеріне енгізілген түзетулерді мақұлдады. Құжатта қауіпсіздігі орташа және жоғары мекемелердегі әйелдердің туыстарымен, балаларымен кездесу мүмкіндігі артады. Кәмелетке толмаған баласы бар аналар мен жалғызбасты әкелер үшін балаларымен телефон арқылы сөйлесу мүмкіндігі берілмек. Қауіпсіздігі төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқандар балаларымен кездесу үшін жылына екі рет түрме аумағынан тыс жерге қысқа мерзімге шығуға рұқсат беріледі. Тағы бір маңызды өзгеріс - түрмедегі жүкті әйелдер енді колония ішінде емес, кәдімгі қалалық немесе аудандық перзентханада босана алады. Баланың туу туралы куәлігінде оның түрмеде туғаны туралы ешқандай ақпарат жазылмайды.
Марат Қожаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Колонияда отырған адамдар заңды, тәртіпті сақтау үшін, ертеңгі күні қоғамның талабына қалыптасу үшін істеліп жатқан нәрселер ғой. Педофилдер, ауыр қылмыстар жасаған, террористік және экстремистік қылмыстар жасаған адамдарға қатысы жоқ.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда Аризона университетімен бірлескен қос диплом бағдарламасының алғашқы түлектері оқуын аяқтады
12.07.2026, 11:25
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05