Бельгияда мұғалімдер шеруге шықты
Бельгияда бүгін ұстаздар қауымы жұмысты қойып, жаппай шеруге шықты. Олар Валлония Брюссель аймағы білім министрлігінің жаңа реформасына және бюджетті қысқартуға қарсы. Қазір оқиға орнынан әріптесім Нұрсұлу Қасым бізбен байланысқа шықты. Нұрсұлу, сонда Бельгияда оқу жылы әлі аяқталмаған ба? Ұстаздар неге қазір шерулетіп жатыр?
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Бельгияда оқу жылы әлі аяқталған жоқ. Шілденің біріне дейін жалғасады. Қазір нағыз қауырт кезең, екі аптадан соң оқушыларда емтихан басталады. Бірақ, оқушылар «сынақты қалай тапсырамыз?» деп алаңдаулы. Себебі, ұстаздар қауымы екі күннің бірінде жұмыс шықпай жүр. Бүгін де елдің Валлония Брюссель аймағындағы мектептерде сабақ болмады. Мұғалімдер шеруге қатысып жатыр. Бүгін Парламент депутаттары Жаңа білім беру бағдарламасына дауыс беруі тиіс. Мұғалімдердің жүктемесін көбейтіп, жалақысын азайтатын бағдарламаның қабылдануына жол бермейміз, дейді шеруге қатысушылар.
Шарлотта Бонэ, мұғалім:
Үкімет Қорғаныс саласына қару сатып алуға миллиардтап қаржы құйып жатыр, білімге ақша жоқ. Ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы қандай болмақ сонда?!
Ханер Вудер, кәсіподақ ұйымының
өкілі:
Мұғалімдердің жүктемесі екі сағатқа көбейеді, бірақ еңбекақы қосылмайды. Қысқарту көбейеді. Сұмдық болайын деп тұр.
Айтуларынша, Валлония Брюссель аймағының үкіметі білім саласына бюджетті 500
млн еуроға қысқартып, есесіне университетте оқу ақысын 43 пайызға қымбаттатпақ.
Бұл жоғары білімді қолжетімсіз етіп, әлеуметтік теңсіздікті арттырады. Және бұл
реформа мұғалім тапшылығын күшейтіп, кейбір пәндер бойынша білімді әлсіретеді
деп дабыл қағуда ұстаздар. Бүгін Парламент Жаңа бағдарламаны қабылдайтын болса,
онда жұмысты қойып, күнде ереуіл ұйымдастырамыз деп отыр, кәсіподақ ұйымының жетекшілері.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04