Мереке күніне орай Өскеменде салтанатты жиын өтті
Мемлекеттік рәміздерді шығыстағы ел-жұрт та ерекше ұлықтап жатыр. Өскеменнің орталығындағы Амфитетар алаңына жиналған мыңдаған адам көк туды көтеріп, Әнұранды бірге шырқады. Салтанатты шарада мемлекеттік қызметке енді кіріскен жас мамандар ант берді. Ал облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов елге еселі еңбек етіп келе жатқан бірқатар азаматтарға Президент атынан мемлекеттік наградалар тапсырды.
Ту. Елтаңба. Әнұран. Елдіктің тірегі. Бүкіл
ел бұл үшеуін Тәуелсіздіктің мызғымас бөлігі деп біледі. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді
өскемендіктер биыл ерекше ұлықтады. Жиналған жұрт патриоттық ән-жырды бәрі бірге
шырқады. Осы сәтте көк байрақ Ертістің үстінде желбіреді.
Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:
Туы бірдің - түбі бір. Дана сөз халқымыздың бірлігі мен тұтастығын айшықтайды. Қазақ елінің көгінде ұлы даламыздың көгінде айбынын асырған Тәуелсіздік туы әрдайым желбірейді. Көк байрағымыз мызғымас мемлекеттіліктің, еркіндіктің белгісі. Мемлекеттік рәміздер - ол ұлттың рухани тұғыры, елдіктің еңсесін көтеретін біздің нағыз асыл мұраларымыз.
Асыл мұраны ардақтау арқылы отансүйгіштік қалыптасады. Көк ту көкке көтеріліп,
Әнұран шырқалып, Елтаңбаның еңсесі тіктелген күні елге еселі еңбек етіп келе
жатқан бірқатар ұстаздар мен патриот азаматтар «Құрмет», ордені және «Ерен
еңбегі үшін»медалімен марапатталды.
Майнұр Ескендірова, ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері:
40 жылдан бері бір Ұлан ауданында жұмыс істедім. Орта мектепте ағылшын пәнінің мұғалімі болып еңбек еттім. Мені «Құрмет» орденімен марапаттауы - мен үшін зор құрмет.
Қызғалдақ Зәйтін, волонтер:
Бұл мейрам арқылы жастар өздерінің мемлекеттік рәміздерін біледі. Өздері елінің болашағына қызмет ету керектігін біліп жүреді.
Болашақ бүгінен
басталады. Сондықтан мемлекеттік қызметке енді кіріскен жас мамандар
рәміздердің түбінде ант берді.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдар Алтын Орда тарихындағы әйел көшбасшылардың рөлін талқылады
22.07.2026, 17:31
«4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 17:28
Ақтөбеде жаңа сквер ашылды
22.07.2026, 17:23
Ел жаңалықтарына шолу
22.07.2026, 17:20
Түркістан облысында вегетациялық кезеңде су жеткілікті деңгейде беріліп жатыр
22.07.2026, 17:16
Қостанай облысында жаңа сүт фермалары 17 мың тоннадан астам өнім өндірді
22.07.2026, 17:15
Ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған үш жоба іске қосылды
22.07.2026, 17:13
Биыл 1,8 млн гектар алқап химиялық өңдеуден өтті
22.07.2026, 17:11