Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандар салынуда
Ақтөбе облысында қайтарылған активтер есебінен 4 әлеуметтік нысан салынып жатыр. Тек соңғы бір жыл ішінде осындай 11 медициналық мекеме ғимараты қолданысқа берілген. Оның бірі Шалқар ауданының Тоғыз ауылындағы медициналық пункт. Құрылысқа 132 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Инженерлік желілерді тарту үшін облыстық бюджеттен қосымша 20 миллион теңге бөлінді.
Жаңа нысан заманауи талаптарға сай жабдықталған. Бір ауысымда 25 адамды
қабылдауға арналған. Яғни алғашқы медициналық-санитарлық
көмекті толық көрсете алады. Өңірде қайтарылған активтер есебінен құрылысы
жүріп жатқан төрт нысанның үшеуі емдеу мекемесі.
Нұрбек Есболсынов, Шалқар аудандық ауруханасының басшысы:
Шалқар аудандық ауруханасына қосымша ғимарат бой көтеріп, көпбейінді немесе ауданаралық аурухана бой көтеріп жатыр, екі қабаттық. Ол жерді инсульттық орталығы бар, бөлек бейімделінген қабылдау бөлімі бар.
Ал Шілікті ауылында Президенттің бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасы
аясында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Енді
ауыл балалары командалық спорт түрлерімен және қазақ күресімен кәсіби түрде
айналысады. Қазір мұнда білікті жаттықтырушылар жұмыс істеп жатыр.
Досымбек Әбдірейімов, оқушы:
Спорт кешені болмаған кезде клубтың екінші қабатында дайындалдық. Соның ішінде жаттықтық. Қазір осы жерде жаттығамыз, бәрі күшті. Ағайларымыз үйретеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16