Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
Президент «Ұлттық
нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі» екендігін
айтып, елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларға тоқталды. Бүгінгі
салтанатты рәсімде әскери оқу орындарының үздік түлектеріне алғаш рет лейтенат
емес, аға лейтенант шені табысталды. Мемлекет басшысы Үкімет таяу арада Мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті
түзетулерді енгізетінін жеткізді. Ал еліміздің бас құжаты – Конституция 1
шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді,
ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Құрметті отандастар, баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл қасиетті Отанымыз қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егеменді ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз ұлт құндылықтарының жарқын символы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы