Түркістанда ағзасын ауыстырған жандар арасында жарыс өтіп жатыр
Түркістанда ағза трансплантациясынан кейінгі және гемодиализге тәуелді жандар арасында республикалық спорттық сайыс басталды. Рух пен ерік-жігер сыналған ерекше спартакиада үстел теннисі, жүзу, волейбол және дартс сияқты спорттың 4 түрі бойынша бәсеке өтеді. Оған еліміздің 12 өңірінен 100-ден аса спортшы қатысып жатыр. Араларында Еуропа, Қазақстан чемпиондары да бар. Мамандар осындай спорттық шараларды өткізу арқылы қоғамның назарын мәйттік донор тапшылығына аударғысы келеді. Өйткені трансплантациялық мәдениетті қалыптастыру маңызды дейді. Спартакиада қорытындысы бойынша алда өтетін Дүниежүзілік трансплантация ойындарына Қазақстан атынан қатысатын ұлттық құрама жасақталады.
Гүлдана Байшуақова, жарысқа қатысушы:
Спорт енді денсаулық кепілі деп айтады ғой. Бұл жерде тек қана денсаулық кепілі емес, өмірге құштар жандардың арасында ары қарай бір-бірімен жолығып, бір-бірінен мотивация алып, өмірге деген құштарлығын, талпынысын оятудың бір ықпалы болып отыр.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17