Атырауда ойын-сауық саябақтарының бірінде алапат өрт шықты
Атырауда ойын-сауық саябақтарының бірінде алапат өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кеше түнгі ондар шамасында болған. Тілендиев көшесінің бойында орналасқан Керемет паркінің үлкендеу бөлмесі және әткеншектердің бірі өртке оранып, қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды тоқтатуға төтенше жағдайлар департаментінің 22 жеке құрамы мен 4 техника жұмылдырылып, өрт түнгі сағат 23:47 шамасында сөндірілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жантөре Демешов, Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары:
Болжам бойынша тоқтан болуы мүмкін. Алайда себептері толықтай комиссиялық қарау жұмыстарынан кейін анықталады. Оқиға кезінде ішінде адамдар болмаған. Ешқандай жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04