Басты Жаңалықтар Қазақстан ЖИ қолдану бойынша топ-30 елдің қатарына кірді

Қазақстан ЖИ қолдану бойынша топ-30 елдің қатарына кірді

Қазақстан жасанды интеллектіні қолдану деңгейі бойынша әлемдегі үздік 30 елдің қатарына кірді. Бұл туралы OpenAI делегациясының Астанаға сапары кезінде белгілі болды. Ең белсенді қолданушылар – 18 бен 34 жас аралығындағы жастар. Олар барлық сұраныстың 72 пайызын құрайды. Сарапшылардың дерегінше, қазақстандықтар ChatGPT секілді ЖИ құралдарын көбіне практикалық кеңес алу, мәтін жазу және ақпарат іздеу үшін пайдаланады. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жасанды интеллектіні қолдану жағынан көш бастап тұр. Бұл еліміздің цифрлық технологияларды жылдам меңгеріп, күнделікті өмірге батыл енгізіп жатқанын көрсетеді. Енді жасанды интеллект білім беру жүйесіне де кеңінен енбек. Ұлттық жоба аясында 165 мың педагог ChatGPT Edu платформасына қол жеткізеді. Бұл Қазақстанның өңірдегі технологиялық көшбасшылық позициясын одан әрі нығайтпақ.

Бөлісу