Басты Жаңалықтар Б.Асаубаева мерзімінен бұрын Norway Chess-2026 чемпионы атануы мүмкін

Б.Асаубаева мерзімінен бұрын Norway Chess-2026 чемпионы атануы мүмкін

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Норвегияда өтіп жатқан әлемдегі ең беделді турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атануы мүмкін.  Қазір отандасымыз 8-турдан кейінгі жарыс кестесінде көш бастап тұр. Еншісінде 15,5 ұпай бар. Екінші орында 5 ұпай қалып келе жатқан Украина өкілі Анна Музычук тұр. Үздік үштікті үндістандық Дивья Дешмукх түйіндейді. Соңғы ойында жерлесіміз қара тастармен үнді шахматшысынан басым түсіп, үшінші классикалық партияда жеңіске жетті. Ертең Бибісара ақ тастармен Анна Музычукқа қарсы ойнайды. Егер жерлесіміздің бұл ойында да бағы жанса, турнир аяқталмай тұрып-ақ Norway Chess-2026 чемпионы атанады. Жоспар бойынша соңғы турда Бибісара қазіргі әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен кездеседі. Олар бұған дейін бірінші айналымда ойнаған. Сол кезде қазақстандық шахматшы қытайлық гроссмейстерге мат қойған еді.

Бөлісу