Басты Жаңалықтар Қызылорда облысында ІТ орталық ашылды

Қызылорда облысында ІТ орталық ашылды

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында ІТ орталық ашылды. Бұл ауыл жастарының цифрлық технология мен жасанды интеллектіні меңгеруіне жол ашпақ. Бүгінде осы орталықта алғашқы креативті жобалар әзірленіп жатыр.

Ауыл мұғалімі Руслан Аққасынов компьютерлік бағдарлама арқылы ұлттық жәдігерлерді 3D моделмен кескіндеп, арнайы платформа жасап шығарған. Ол қазақ халқының көне мұраларын қайта жаңғыртып қана қоймай, заманауи үлгіде жастарға кеңнен насихаттауды көздейді.

Руслан Аққасынов, 3D модельдеу үйірмесінің жетекшісі:

Әлде де көбейтуге болады. Бұл сайт әлі еш жерде жарияланбаған. Алдағы уақытта үлкен көлемде платформа жасап, ұлғайтып ішіндегі ұлттық мұраларымызды Қазақстан ұстаздарына ұсынуға болады.

ІТ орталықта цифрландыру бағытынан бөлек робототехниканы жетілдіруге де айрықша көңіл бөлінеді. Жас педагогтар роботты құрастырып, оған жасанды интеллект арқылы басқару жүйесін енгізіп жатыр. Жалпы жастар енді түрлі бағдарламалық жобаларын ауылда жүзеге асыруына толықтай материалдық-техникалық мүмкіндігі бар. 

Нұржұман Пірназаров, аудандық жастар орталығының директоры:

Жылдың басында біз екі жақты меморандумға қол қойғанбыз. Сол меморандум аясында аудан жастарын тегін оқытады. Оны оқыту барысында қазіргі заианауи технологиялардың барлығын, жасанды интеллекті оқытып арнайы сертификаттар табыстайтын болады. Жобамен 300-ге жуық жасты оқытамыз деп отырмыз жылына.

Биыл мемлекет басшысы елімізде цицрландыру және жасанды интеллект жылы деп белгіледі. Президент бастамасы аясында ауданның білімді де талапты жастары ІТ саласын терең меңгеріп, қолға алған ілкімді жобаларын республикалық байқауларға ұсынбақ.


Бөлісу