Елімізде гамма-пышақ әдісімен күнде 5 адамға операция жасалады
Елімізде сәулемен емдейтін гамма-пышақ әдісіне жүгінетіндердің 85 пайызы бас миының ісіктері бар науқастар. Ұлттық нейрохирургия орталығында күнделікті шамамен осындай 5 операция жасалады. Соңғы 5 жылда екі мыңнан аса ем сәтті өтті. Жалпы, гамма-пышақпен науқастарға ем қалай жүргізіледі? Дәстүрлі хирургиялық операциялардан артықшылығы неде? Неліктен дәрігерлер операциядан кейін емделушіні бірден үйіне қайтарады? Айжан Иманғали науқастармен тілдесіп, емдеудің тың тәсілімен танысып қайтты.
Басында қатерсіз ісігі бар 45 жастағы науқас үшін бүгін аса қобалжулы күн.
Мамандар құрылғыны әзірлеп, оны операцияға дайындап жатыр. Алдымен емделушінің
басына сәулелік ем жасалады. Бұл- хирургиялық кесусіз жасалатын жалғыз тәсіл.
- Аппарат көрсетіп тұрады, пульс болсын, давление болсын. Эльмира ханым, қалай естіп жатырсыз мені? Бәрі жақсы ма, бас ауырып тұрған жоқ па?
Әдетте емдеу кезінде пациент есін біліп, ояу жатады. Операция ешбір ауырсынусыз, артық дыбыссыз тыныш өтеді дейді мамандар. Тіпті науқас дәрігермен кері байланыста болады.
Айжан Иманғали, тілші:
Міне, дәл қазір кезекті емделуші операцияға кірді. Оның ұзақтығы шамамен 1 сағат. Осы уақытқа дейін арнайы байланыс құралдары арқылы дәрігермен үнемі байланыста. Жоспар бойынша бүгін дәл осындай 5 операция жасалады. Жалпы, гамма-пышақпен емдеу Қазақстанға осыдан 5 жыл бұрын келген, осы уақытқа дейін 2400-ден аса операция сәтті жүргізілді.
- Мынау аты шулы гамма-пышақ деген аппарат осы . Жаңа мен айттым ғой, стереотактикалық жақтауды бекітетен арнайы құрылғы бар дедім , мінекей осы. Біз мына жерге науқасты жатқызғаннан кейін, арнайы қарасаңыз болады, басы қимылдамайды, осы кереуетке жатады.
Нейрохирург Нұрзат Сығай тың тәсілді жетік білетін мамандардың бірі. Күніне әртүрлі диагнозбен 4-5 науқасқа ем жүргізеді. Ең көп алаңдататыны - бас мидың қатерлі ісіктері дейді дәрігер. Науқастардың 85 пайызы дәл осы диагнозбен жүгінеді. Тағы 7 пайызында мидың туа пайда болған қан-тамыр ақаулары бар. Гамма-пышақ емінің артықшылығы сол - операциядан кейін науқас тез өзіне келеді.
Мен ауыр жағдайда келіп түскенмін, есімді білмеймін. Балаларым алып келіп, орналастырған болатын. Қызметкерлердің арқасында есімді жидым. Өз несі бойынша қаралып тұрамын. Қазіргі жағдайым бірқалыпты, жақсы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы