Қазақстанның білімге негізделген экономикасы Брюссельде талқыланды
Брюссельде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірқатар лауазымды тұлғалармен кездесті. Нақтырақ айтсақ, ЕуроОдақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі, Еуропарламенттің комитет төрағасы және министрмен кездесті. Тараптар Қазақстан, Орталық Азия мен ЕуроОдақ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудағы ғылымның, инновациялар мен кадр даярлаудың рөлін талқылады. Сонымен бірге, ғылыми технологиялық ынтымақты арттыру, тәжірибе алмасу, жаңа буын зерттеушілер даярлау, зерттеу инфрақұрылымын, deep-tech бағыттарын дамыту және Қазақстанның еуропалық ғылыми консорциумдарға қатысу мүмкіндігі жайы да айтылды. Министр «Қазақстан ЕуроОдақтың «Horizon Europe» ғылым мен инновацияны дамыту бағдарламасына толыққанды мүше ретінде кіруге ынталы» екенін жеткізді.
Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
175 млрд еуролық дүние жүзіндегі ең үлкен ірі ғылымды қаржыландыру бағдарламасына біз кіретін боламыз. Бұл біздің университеттерімізге, ғылыми зерттеу институттарымызға өте үлкен қолдау болады. Біздің ғылымызды, инновациямызды жаңа бір деңгейге көтеруге үлкен көмек болады деген сенімдеміз.
Мені Қазақстанның әртүрлі ғылыми және технологиялық салаларда ұсынатын кең мүмкіндіктері таң қалдырды. Бельгия университеттеріне, менің университетіме ынтымақтастық орнатуға әлеуеті зор бірнеше сала бар. Соның бірі-жасыл сутегі. Сондықтан,жақында қазақстандық және бельгиялық ғалымдар арасында бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеудің нақты мүмкіндіктерін көріп отырмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы