Тәуелсіздік сарайында Кипр Республикасының Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен алғаш рет келген Кипр Республикасының Президентін қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христо Дули Дис бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұраны шырқалды. Кипр президенті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келген. Бүгін өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00