Қазақстанға кімдер тұрақты түрде қоныстана алады?
Қазақстанға кімдер тұрақты қоныстана алады? Жаңа мамандықтар тізімі жарияланды. Оған денсаулық сақтау, инженерия, цифрлық технологиялар, білім беру және креативті индустрия салаларындағы мамандар енгізілді. Атап айтқанда, нейрохирургтер, онкологтар, эндокринологтар, анестезиологтар мен акушер-гинекологтар сұранысқа ие кадрлар қатарында. Сондай-ақ жасанды интеллект, үлкен деректер, киберқауіпсіздік және бағдарламалық қамтамасыз ету саласының мамандарына да басымдық берілмек. Бұған қоса графикалық дизайнерлер, иллюстраторлар, бейнемонтажерлер мен дыбыс режиссерлері де тізімнен орын алды. Яғни, осы мамандықтар иесі атанған шет ел азаматтары Қазақстанға жұмысқа орналасып, тұрақты қоныстануына мүмкіндік бар. Жаңа бұйрық 12 маусымнан бастап күшіне енеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл шешім Қазақстан экономикасына қажетті білікті кадрларды тартуға және еңбек нарығындағы тапшылықты азайтуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы