Мәжілісте рақымшылық туралы заң жобасы қаралып жатыр
Елімізде рақымшылық жариялануы мүмкін. Мәжіліс депутаттары осы мәселеге қатысты заң жобасын бүгін бірінші оқылымда қарайды. Құжат қабылданса, қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша азаматтарға рақымшылық жасау көзделіп отыр. Дәл қазір парламент қабырғасыанн әріптесім Ернұр Медет тікелей қосылымға дайын. Ернұр, нақты кімдер амниссияға ілігеді.
Ернұр Медет, тілші:
Дәл мына адамдар ілігеді деп дөп басып айту қиын қазір. Себебі мәжіліс жаңа 1 сағат бұрын ғана басталды. Ұсынылып отырған құжатқа сәйкес, егер құқықбұзушылық салдарынан ешкімге зиян келмесе немесе келтірілген шығын толық өтелсе, ауырлығы төмен және орташа қылмыстар бойынша азаматтарды қылмыстық жауапкершіліктен босату көзделген. Ал енді жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау сияқты бірқатар ауыр санаттағы қылмыстар рақымшылыққа кірмейтінін анық айтуға болатын шығар. Сонымен қатар ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша рақымшылық жасау ұсынылып отыр. Яғни заң күшіне енгенге дейін төленбей қалған кейбір әкімшілік айыппұлдардың бір бөлігін есептен шығару мүмкін. Көпшілікке тиімді, құптарлық іс әрине. Бірақ бұл азаматтар арасында айыппұлдарды уақытында төлемей, келесі бір кешірім науқанын күтіп жүре беруге болады деген жаңсақ пікір қалыптастырмай ма? Бұл шешімнің әлеуметтік және құқықтық салдарын жан-жақты бағалау маңызды. Енді осы сұрақты қазір жауаптылардан сұрап, нақтылаймыз. Толықтырып ақпараттың қорытынды шағырылымында тарқатамыз.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қос әуежай инвестор басқаруына берілуі мүмкін
03.06.2026, 10:14
Өнеркәсіптік кооперация аясында отандық өндіріс көлемі артып келеді
03.06.2026, 10:10
АҚШ пен Иран әскерлері бір-біріне шабуыл жасады
03.06.2026, 10:09
Жапонияда тропикалық дауылдан 60 мың үй жарықсыз қалды
03.06.2026, 10:08
Павлодарда шомылу маусымы басталмай жатып 3 адам суға кетті
03.06.2026, 10:06
Шымкентте 106 заңсыз құрылыс нысаны анықталды
03.06.2026, 10:04
Қазақстанға кімдер тұрақты түрде қоныстана алады?
03.06.2026, 10:03
Әлем жаңалықтарына шолу
02.06.2026, 20:58