21 мыңнан аса медициналық ұйым цифрлық жүйеге біріктірілді
Денсаулық сақтау саласы цифрлық басқаруға көшіп жатыр. Бүгінде 21 мыңнан астам медициналық ұйым бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді. Нәтижесінде деректерді қолмен енгізу толық жойылып, дәрігерлердің әкімшілік жүктемесі 30-40 пайызға қысқарған. Енді пациенттің ауру тарихы, рецепті мен емдеу деректері еліміздің кез-келген өңірінде қолжетімді. Цифрландыру әсіресе ана мен бала денсаулығын бақылауға жаңа мүмкіндік ашты. Қазір жүйеде 7 миллионға жуық бала мен 5 миллионға жуық әйелдің цифрлық профилі жасақталған. Мұндай жүйе арқылы дәрігерлер пациенттің денсаулық жағдайын үнемі көріп отырады. Бұл өз кезегінде жедел шешім қабылдауға және ана мен бала өлім-жітімін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету нақты пациенттің қажеттілігіне қарай жоспарланып, препараттардың қозғалысы онлайн бақыланады. Саладағы цифрландырудың басты мақсаты – халыққа қолжетімді, ашық, әрі қауіпсіз медициналық қызмет көрсету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы