Ақтөбеде жүзден аса адам туристік фирмаға алданған
Алаяқтардың
арбауына түскендер азаймай тұр. Ақтөбеде жүзден аса адам туристік фирмаға
алданды. Айтуларынша, олар шетелдерге саяхат жасау үшін алдын ала жүз мыңдап
қаржы беріп қойған. Алайда, компания уәдесінде тұрмаған. Саяхатшылардың кейбірі
жарты жолдан кері қайтуға мәжбүр болған.
Туристік фирмаға алданғандардың арасында өзге облыстардың тұрғындары да бар.
Мәселен, Гүлсім Қожбанова Орал қаласынан. Ол сәуір айында шет елге саяхаттау
үшін 550 мың теңгесін төлеп қойған. Алайда армандаған аралдағы елге бара алмай, жарты жолдан кері
қайтты.
Гүлсім Қожбанова, Орал тұрғыны:
14 жұмыс күнінде қайтарамын деді. 14 жұмыс күні өтті, ақшам әлі қайтарылған жоқ. Дым договордың міндеттемесі орындалмайды. Қанша жаздым, звондадым, бір сервер айтатындары. Сервер істемейді, ол не сервер, мен білмеймін.
Туристік
фирма шет елге саяхаттаймын дегендердің кейбірін жарты жолда қалдырып кеткен.
Мәселен Грузия арқылы Стамбулға ұшуы тиіс тұрғындардың бірі Тбилисиде қалып
қойған.
Алтынай Ариятова, Ақтөбе
тұрғыны:
Осылай да осылай, ақшам жоқ қазір, жеке ақшамнан да төлей алмаймын, Стамбулға өзіңіз барыңыз, болмаса үйіңізге өзіңіз қайтыңыз деді. Сонымен біз өз ақшамызға Тблилисиден Атырауға дейін таксимен 20 сағат жүріп келдік, ақшамызды өзіміз төлеп. Содан Атыраудан келгеннен кейін төлеп берем деген, ол кезде де ақша жоқ деді. Сонымен Атыраудан үйге дейін өзіміз келдік.
Алданғандардың көбі Ақтөбеден. Шағымданушылардың қатары әлде де көбеюі мүмкін.
Өйткені, өзге облыстардан да хабарласып жатқандар баршылық. Полиция
департаменті өкілдерінің айтуынша, бұл іске қатысты «Алаяқтық» бабымен
қылмыстық іс қозғалып, туристік фирма басшысынан жауап алынған.
Дәурен Ерболатұлы, Астана ауданы, №1 қалалық полиция бөлімі бастығының
орынбасары:
20-дан астам арыз түсті, қаралуда. Қылмыстық іс қозғалды, қылмыстық іс тергелуде. Өзге де ақпараттарды ҚР қылмыстық процессуалдық кодексінің 201 бабына сәйкес жария ете алмаймын.
Шағымданушылар туристік фирманың өкілеттігін тоқтатуды сұрайды. Өйткені
компанияның жарнамасы әлеуметтік желіде әлі жүріп жатыр.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04