Басты Жаңалықтар Алматы – Гонконг: Әуе рейсі ашылады

Алматы – Гонконг: Әуе рейсі ашылады

Гонконгтан Алматыға тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін. Маңызды шешім келесі жылға жоспарланып отыр. Әуе рейсінің тікелей бағыты  туризм мен бизнес саласын одан әрі жандандыруға ықпал етпек. Бұл жөнінде  Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданының  Басшысы Джон Лимен кездесуінде мәлім болды. Қазақстан Үкіметі Қытайдың қаржы және технология орталығы саналатын Гонконгпен байланысын жаңа деңгейге көтермек. Тараптар сауда, логистика, цифрландыру, білім беру және туризм бағытындағы ірі жобаларды талқылады. Басты жаңалық «Қазақстан-Шыңжаң-Гонконг» форматы ұсынылды. Бұл қазақстандық тауарлардың Азия нарығына жолын кеңейтіп, жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі 49 млрд долларға жуықтаса, Гонконгпен тауар айналымы бір жылда 40 пайызға өскен. Келіссөз барысында жасанды интеллект пен IT саласындағы әріптестікті нығайтуға басымдық берілді.

Олжас Бектенов, Премьер-министр:

Қытаймен өзара тиімді қарым-қатынасты дамыту – Қазақстанның сыртқы саясатының басты басымдықтарының бірі. Бүгінде қазақ-қытай әріптестігі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Бұл өзара сенімнің және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп отыр. Өткен жыл саяси диалогтың қарқындылығы тұрғысынан ерекше маңызды болды. Мемлекет басшылары деңгейіндегі өзара сапарлар мен кездесулер екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытына қуатты серпін берді.
Джон Ли, ҚХР Гонконг арнайы әкімшілік ауданының басшысы:
Бұл сапар жоғары деңгейдегі ынтымақтастық пен өзара тиімді серіктестіктің жаңа кезеңіне жол ашады деген сенімдеміз. Қазақстанның түрлі салаларда реформалар мен түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырып, көшбасшылығымен танылып отырғаны ерекше әсер қалдырады. Сапарымыздан көріп-түйгеніміз менің және барлық делегация мүшелерінің көңіліне берік сенім ұялатты. «Хабтан хабқа» ынтымақтастық моделін дамыту жолында Қазақстанның сенімді серіктес екеніне толық көз жеткіздік.


Бөлісу