Атырау облысында бәйге аттарының жаңа буыны өсірілуде
Елімізге шетелден жыл сайын бес жүзден астам бәйге аты әкелінеді. Дегенмен қазір отандық асыл тұқымды жылқыларды көбейтуге басымдық беріліп жатыр. Соның бір дәлелі – Атырау облысы Қызылқоға ауданында қолға алынған селекциялық жұмыс. Жергілікті жылқы өсіруші қазақы бәйге аттарының қасиетін сақтап, жүйелі сұрыптау арқылы жаңа буын жүйріктерді баптап келеді. Бүгінде бұл жылқыларға қызығушылық артып, көрші елдерден де арнайы келіп сатып алушылар көбейген.
Қазақ жылқысының төзімділігі мен табиғи қасиетін сақтап қалу – басты мақсат.
Шаруашылықта бірнеше жылдан бері жүргізілген селекциялық жұмыстардың нәтижесі
де көріне бастаған. Қазір мұнда бапталған сәйгүліктер
республикалық бәйгелерде бақ сынап жүр.
Бақдәудет Алшынбекұлы, шабандоз:
Атқа өзім қызығам, мінгім келеді. Көлік ұтқым келеді. Өзім қазір жетідемін. Тайларға шауып жүрмін, енді аламанға шапқым келеді.
Жүйрік аттың бабын табу оңай емес. Әр сәйгүліктің мінезі мен дайындығы әртүрлі.
Сондықтан оларды жарысқа қосар алдында арнайы күтім жасалып, жаттығу жоспары
қатаң сақталады.
Алшынбек Нұрғалиев, атбегі:
Ерекше бапты қажет етеді. Бірінші тазалық керек. Кейбір аттар болады тез өтіп кетеді адаптациядан. Ал кейбірі бір жылға дейін жүреді бейімделумен. Жалпы үйренеді жақсы күтіммен қараса.
Соңғы жылдары қазақы бәйге аттарына сұраныс артып келеді. Көрші Қырғыз елінен
келіп сатып алушылар көп. Бүгінде жұмыстар бір жолға қойылған. Алматыда
Қазақстанда туылған аттардың палатасы құрылып, отандық жылқыларға арнайы
паспорт беріледі. Бұрын шетелдік тұқымдарға басымдық берілсе, қазір жергілікті
жылқылардың мүмкіндігіне жағдай жасалып жатыр.
Қайырбек Баймұратов, бәйге аттарын сұрыптаушы:
Сол шет елдерде Қазақстанға ат сатып жатқан мезгілде бәрі таңғалады дейді. Бізде 3200 метрге шауып жатқан аттарды сіздер алып кетіп 30-40-50 шақырымға шаптырасыздар деп. Бұл қалай деп. Басты мақсат – жылдамдығы жоғары, ұзаққа шабатын бәйге аттарын шығару ғой.
Қызылқоғадағы бұл бастама ұлттық жылқы тұқымын сақтап қана қоймай, оны жаңа
деңгейге көтеруге жол ашып отыр. Қазақы бәйге аттарының саны артып, сапасы
жақсарған сайын олардың халықаралық деңгейде де танылуына мүмкіндік мол. Ал
селекция арқылы өсірілген сәйгүліктерге деген қызығушылықтың артуы осы еңбектің
нәтижесін көрсетеді.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 маусымға дейін әскерге шақыртылады
02.06.2026, 13:20
Қазақстан – Жапония: Парламентаралық ынтымақ артып келеді
02.06.2026, 13:17
Жапониядағы дауыл әуе рейстеріне салдарын тигізді
02.06.2026, 13:15
Үкіметке қарсы үлкен шеру болды
02.06.2026, 13:12
Жаңа Су кодексінде суды пайдаланудың тәртібі нақты көрсетілген
02.06.2026, 13:09
₸211 млн жымқырды деген күдікпен мердігерді қамады
02.06.2026, 13:06
Аптап ыстық автобанды бүлдірді
02.06.2026, 13:03
Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге ЖИ көмектеседі
02.06.2026, 13:00