Басты Жаңалықтар Жаңа Су кодексінде суды пайдаланудың тәртібі нақты көрсетілген

Жаңа Су кодексінде суды пайдаланудың тәртібі нақты көрсетілген

Жаңа Су кодексінде суды пайдаланудың тәртібі нақты көрсетіліп, кімдер рұқсат алу керектігі жазылған. Өзеннен, көлден немесе басқа жерүсті су объектілерінен тікелей су алатындарға, жерасты суларын, жер қойнауын пайдалану немесе құрылыс жұмыстары кезінде дренаждық және ілеспе алынатын жерасты суын пайдаланатындарға, тазартылған ағын суды су объектілеріне төгетіндерге немесе гидротехникалық нысандар арқылы жерүсті ағынын реттейтіндерге қажет. Рұқсат қандай жағдайда қажет емес? Егер су орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын бірінші су қабатындағы шахталық немесе құбырлы құдықтан алынса, елді мекенді орталықтандырылмаған сумен қамту кезінде тәулігіне 5 текше метрден аспайтын көлемде пайдаланылса, шалғай жайылымдарды суландыру үшін қолданылса, еріген қар, жауын-шашын немесе тасқын суды жинау мақсатында пайдаланылса, рұқсат талап етілмейді.


Бөлісу