Аптап ыстық автобанды бүлдірді
Аптап ыстықтан Павлодар – Астана бағытындағы күре жолдың бетон жабындысы көтеріле бастады. Дәл осындай жағдай автобанның екі учаскесінде болған. Алғашқысын «ҚазАвтоЖол» дер кезінде байқап, дереу жөндеп үлгерді. Ал келесі учаскеде бірнеше көлікке зақым келген. Куәгерлердің мәліметіне қарағанда, бетон құймалары жалғанған жер жігінен ажырап кеткен. Жолға жауапты мекемелер жедел жөндеу бригадаларын жасақтап, қауіпті деген учаскелерде тексеру жүргізіп жатыр. Болжамға қарағанда алдағы күндері Павлодар өңірінде күн ыстық болады. Кеше сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтерілді. Қазір Павлодар мен Астана бағытындағы жолда ешқандай көлік іркілісі жоқ.
Сержан Қызылбаев, жөндеу
бригадасының инженері:
«Павлодар – Астана» тас жолының 1355 шақырымында ау температурасы күрт көтерілуіне байланысты бетон жабындысы көтерілді. Қазіргі таңда бетон жабындысы қалпына келтірілді. Көліктердің жүруіне кедергі жоқ.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16