Еңбек қауіпсіздігін күшейтуге ЖИ көмектеседі
Өндірісте қауіпсіздікті күшейту үшін жасанды интеллект қолданылады. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Қазір е-ТЖМ платформасы әзірленіп жатыр. Жүйеге денсаулыққа зиян әрі қауіпті кәсіпорындардың бәрі енгізілмек. Техника ескерді ме, қауіпсіздік талаптары сақталған ба? «Ақылды» жүйе осыны мұқият тексеріп, есеп жүргізеді. Енді әр кәсіпорынның цифрлық картасы әзірленіп, қауіпсіздік талаптарының сақталуы қашықтан бақыланады. Ал еңбек инспекторлары өндіріс орындарына ескертусіз тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ тау-кен саласындағы компанияларға қауіпсіздікке бөлетін қаржыны көбейту міндеттеліп жатыр.
Асқарбек Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Жасанды интеллект пен бейнеаналитика технологиялары қолданылып жатыр. Бұл цифрлық шешімдер өндірістік процестерді нақты уақыт режимінде бақылауға, апат пен жарақаттануды алдын алуға, адам факторын азайтуға және тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырау облысында бәйге аттарының жаңа буыны өсірілуде
02.06.2026, 13:22
Әскерге шақыру 30 маусымға дейін жалғасады
02.06.2026, 13:20
Қазақстан – Жапония: Парламентаралық ынтымақ артып келеді
02.06.2026, 13:17
Жапониядағы дауыл әуе рейстеріне салдарын тигізді
02.06.2026, 13:15
Үкіметке қарсы үлкен шеру болды
02.06.2026, 13:12
Жаңа Су кодексінде суды пайдаланудың тәртібі нақты көрсетілген
02.06.2026, 13:09
211 млн теңгені жымқырды деген күдікпен мердігер қамауға алынды
02.06.2026, 13:06
Аптап ыстық автобанды бүлдірді
02.06.2026, 13:03