Басты Жаңалықтар Кенияда тұрғындар АҚШ-тың карантин орталығын ашуға қарсы шықты

Кенияда тұрғындар АҚШ-тың карантин орталығын ашуға қарсы шықты

Кенияның Наньюки қаласында жүздеген адам көшеге шықты. Олар АҚШ-тың эболаға қатысты карантин орталығын ашу жоспарына наразы. Нысан вирус жұқтырды деген күдікке іліккен америкалық азаматтарға арналған. Орталықты әскери базаға жақын маңда ашу көзделген еді. Бұған қарсы шыққан кениялықтар шиналарды өртеп, жолдарды бөгеді.

Эбола вирусына қарсы вакцина жасауға 60 млн доллар бөлінеді

Ал жаһандық донорлар эболаға қарсы үш вакцинаны жасауды жылдамдатып жатыр. CEPI ғаламдық денсаулық сақтау ұйымы «Модерна» мен тағы екі компанияға бұл мақсатқа 60 млн доллар бөлген. Дегенмен вакцинаның нақты қашан дайын болатыны белгісіз. Конго Демократиялық Республикасында эболадан 42 адам қаза тауып, мыңнан астам адам қауіпті індетті жұқтырды деген күдікке алынған. Ал 280-нен астам тұрғынның вирусты жұқтырғаны расталды. 

Бөлісу