Үкімет басшысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штаб отырысын өткізді
Ішкі істер министрлігі биыл 1 мың 200-ден астам есірткіге қатысты қылмысты әшкереледі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен штаб отырысында айтылды. 6 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде біреуі трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Биыл әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 4,5 мыңнан астам заңсыз материалдар бұғатталған. Штаб отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр криптовалюталарға байланысты күмәнді қаржылық операцияларды анықтау мен бұғаттауға арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ ақпараттық жұмыстарды күшейтуді және қылмыстық топтармен күресте жасанды интеллектіні пайдалану қажеттігін атап өтті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Өкінішке қарай, жағдайдың жақсарғанын көріп отырған жоқпыз. Бұған себеп – бүкіл әлемдегі есерткі нарыңының елеулі өзгерістерге ұшырауы. Нашакорлық синтетикалық модельге көшті.Үкіметке қосымша шара қолға алу тапсырылды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27