Басты Жаңалықтар Оқушылар жасанды интеллект орталығын аралады

Оқушылар жасанды интеллект орталығын аралады

Халықаралық балалар күніне орай, 100 оқушы Астанадағы халықаралық жасанды интеллект орталығына да саяхат жасады. Alem. Аi – идея мен инновация тоғысқан алаң. Тың технологиялар әлемінің табалдырығын аттаған сәттен-ақ жеткіншектер таңданысын жасырмады.

Баланың көңіл күйін сөзден бұрын көзі айтып тұрады. Alem.ai орталығына келген оқушылардың жанарындағы қызығушылық пен жүздеріндегі қуаныш та осыны аңғартқандай. Көпшілігі бұрын тек фильмдерден көрген технологиялардың бүгінде шынайы өмірдің бір бөлігіне айналғанына тәнті болды.

Нұрәділ Ғабдуллин, оқушы:

Бұрын соңды мұны мен тек қана теледидардан көргем. Роботтар көрдім жасанды және жасанды интеллект мұндай жасай алады деп ойлаған жоқпын. Ертең ауылға барамын. Осының бәрін сыныптастарыма айтамын. ЭКСПО-ға барғанымды айтамын, Ақордаға барғанымды, Бәйтеректің шыңына шыққанымның бәрін айтамын.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас өрендер әр сәтті ерекше ықыласпен қабылдады. Олардың қатарында оқу озаттары, түрлі республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар бар. Мұндағы интеллектуалды жүйелер, деректерді талдау құралдары мен цифрлық сервистер оқушылардың қызығушылығын оятты.

Никита Потёмкин, оқушы:

Мысалы, ана жақтарда адамның миы туралы информациялар бар. Осы жерден көп нәрсені оқып білуге болады.

Бағдәулет Қартбаев, оқушы:

Кіргеннен бастап маған бұл жердің жсанды интеллектімен шоғырланғаны  өте қатты ұнады. Сол негізінен өте қатты есте қаларлықтай болды. Бұл жерде бізде әр түрлі сәулет өнеріне дайындық, тест, одан кейін жаңа роботпен шахмат ойнау деген сынды әртүрлі жасанды интеллектпен нәрселер бар.

Инновациялық игіліктермен бетпе-бет жүздескен балалар әр сәтті ерекше қабылдады. Елдегі цифрлық серпіліс, жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері жаңа бағытқа жол ашқаны анық. Сондықтан Alem. Аi-ды аралау жас қонақтардың қиялына қанат бітірген танымдық сапар болды.


Бөлісу