Орталық Азиядағы алғашқы ми институты ашылды
Адам баласының ақыл-ойы, түйсігі, жалпы миы жасанды интеллекттен асып түсе ала ма? Бүгін Алматыда Орталық Азиядағы ашылған алғашқы Ми институты осы мәселені тереңірек зерттемек.
Яғни, жаңа ғылыми орталық адам миының жұмысын зерттеуге, заманауи нейротехнологияларды дамытуға және осы саладағы мамандарды даярлауға мүмкіндік бермек. Институтта ми қызметін зерттеуге арналған ең озық құрал-жабдықтар орнатылған. Мұнда ғалымдар магниттік-резонанстық томография, электро-энцефалография және жасанды интеллект технологияларын пайдаланып, түрлі ғылыми зерттеулер жүргізеді. Мамандар мұнда адамның есте сақтау, ойлау, шешім қабылдау сияқты ақыл-ой қабілетін зерттей алмақ. Сондай-ақ жүйке жүйесі ауруларын ерте анықтауға арналған жаңа әдістерді де әзірлейді. Ғалымдардың айтуынша, жаңа институт елдегі нейроғылымның дамуына серпін беріп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады.
Жанар Ибраева, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жанындағы ми институтының қызметкері:
Ми институтында биология, психология, компьютерлік ғылым, нейроғылым, лингвистика саласындағы зерттеу жүргізетін ғалымдар бірігіп үлкен жобаларды жүргізуде. Халықаралық деңгейде іргелі зерттеулерді жүргізу басты мәселесі осы және қолданбалы маңыздылығы да өте зор. Өйткені, қазір жалпы адамдарға көмек ретінде қолданбалы зерттеулер жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы