Гонконг іскерлік қауымдастығы Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі
Гонконг іскерлік қауымдастығы Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Сол себепті Астанаға 75 ресми тұлға мен кәсіпкерден тұратын делегация келді. Олар бұған дейін мұндай ірі делегациямен ешқайда сапарламапты. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол меймандарды бастап келген Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесті. Президент өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге және инвестиция, қаржы, цифрландыру, жасанды интеллект, көлік-логистика бағыттарында бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыруға бұл сапар жол ашатынына сенімді екенін жеткізді. Джон Ли қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтып, Гонконгтың Қазақстанмен кешенді ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады. Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар мәселені талқылап, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға өзара мүдделі екендерін білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы