Ақтөбе облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы $820 млн-нан асты
Ақтөбе облысының Ресей федерациясымен арадағы тауар айналымы 820 млн АҚШ долларынан асты. Өңірде көрші елдің капиталымен жүздеген кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Әсіресе шекаралас облыстар арасында экономиканың әр саласы бойынша ынтымақтастық бар.
Бұл
нарықта 25 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аймақтағы ең ірі тігін
фабрикаларының бірі. 170-тен аса адам еңбек етеді. Кәсіпорын еліміздегі ірі компанияларға
қажетті арнайы киімдер тігумен айналысады. Өнімдеріне көрші Ресейден де сұраныс
бар.
Динара Дәулетқалиева, тігінші:
Жұмыс алып отырамыз, қалта, воротникті жабу немесе қолды тігеміз. Біздің
костюмдердің сапасы өте жақсы. Жақсы болғаннан кейін де өзге елдерге поставка
жасаймыз.
Кәсіпорын жергілікті әкімдікпен арадағы келісім аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы аналарды да жұмысқа алған. Соңғы жылдары заманауи құрал-жабдықтар әкелініп, өнімнің сапасы артты. Мәселен, мұнда жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін құрылғы да бар.
Надежда Шабаева, фабрика директоры:
Тігін фабрикасына автоматтандырылған жабдықтар қойылған. Жуырда әкелінген жасанды интеллектпен жұмыс істейтін құрылғы жұмыс өнімділігін арттырды. Жылына 1 млн, 200 мыңнан аса өнім шығарамыз.
Өңірде
көрші елмен ынтымақтастықта жұмыс істеп тұрған осындай 800-ден аса кәсіпорын
бар. Облыс басшылығы аймақтың экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып,
алыс-жақын шетелдермен бірге ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті.
Арман Қабылов, облыстық кәсіркерлік және
индустриалдық-инновациялық даму басққармасының бөлім басшысы:
Ресейлік капиталдың қатысуымен шамамен 800 кәсіпорын жұмыс істейді. Екі ел арасындағы сенімді диалогқа негізделген әріптестік аясында тек тауар қарым қатынасы ғана емес, өзге де бағыттарды қамтып отырмыз. Оның ішінде тау-кен өрнеркәсібі, өндірістік коперацияны айтуымызға болады.
Тоғыз
жолдың торабында орналасқан Ақтөбе облысының транзиттік әлеуеті зор. Соңғы
жылдары өңірде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Жергілікті
өнім өндірушілер экспорт көлемін арттыруға басымдық беріп келеді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16