Атырау облысындағы Тұздыкөлде өндіріс артуы мүмкін
Атырау облысы Индер ауданындағы тұздыкөлде өндіріс көлемі артуы мүмкін. Көл аумағында тұз және сода өндіру бойынша жаңа жобалар ұсынылған. Алайда жергілікті тұрғындар мұның экологияға кері әсері болуы мүмкін екенін айтып отыр. Инвестициялық жобаның болашағы бар ма? Шешім қандай? Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт тараптарды тыңдап қайтты.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Индер тұздыкөлінің басты ерекшелігі оның бетінде осындай 15-20 см рапа деп айтады, яғни тұзды суы бар. Егер аумақтың 70 пайыздан астамы қазылатын болса оның суы құрғап, тұзы шаң тозаң ретінде ауаға таралады. Жергілікті қоғам белсенділері осылайша Индер ауданы алдағы уақытта экологиялық апатты аймаққа айнала ма деп алаңдайды.
Индер
тұздыкөлі осыдан төрт жыл бұрын ерекше қорғалатын аймақтар тізімінен
шығарылған. Содан бері аумақта өндіріс көлемін арттыру жөнінде жиі айтылып
келеді. Соңғы бір айда ауданда қоғамдық тыңдаулар өтіп, тағы екі мекеме көлден
тұз және сода өндіру жөнінде жобаларын қорғаған. Бірақ бұл бастамаға қатысты
тұрғындар алаңдаушылық білдіріп, көлдің экологиялық ахуалы жайлы өз пікірлерін
айтуда.
Жамбыл Дауталиев, қоғам белсендісі:
Ол тек Индер емес, 9 км жердегі Жайыққа құйылады. 6 км тіке есептегенде. Ол Жайыққа құйылғасын ащиды. Бүкіл халықтың бәрі ауызсуды Жайықтан алып отыр. Ол Атырауға дейін барады. Мал шаруашылығы көп осы жерде. Егер жаңағыдай болатын болса бүкіл жердің бәрі тұзданып, мал шаруашылығынан да айырыламыз.
Қазір
тұздыкөлде жылына 190 мың тонна ас тұзын өндіретін мекеме жұмыс істейді.
Қазылған жерлер 10-15 жылда қайта қалпына келеді дейді мамандар. Бірақ
экологияға әсері барын жасырмайды.
Димат Туғанбай, тұз зауытының техникалық директоры:
Тұз кепкенде жел күндері ұшады. Еще как ұшады. Біз кейде жүре алмай қаламыз.
Демала алмай қаламыз. Сондай болады.
Қазір
Арал тұз және Арал сода мекемелерінің жобалары экологиялық сараптамадан өтіп
жатыр. Жоба жүзеге асатын болса өңірге 10 млрд теңгеден астам инвестиция
тартылып, жаңадан 500-дей тұрақты жұмыс орны құрылады. Сонымен қатар жылына 1
млн тоннаға дейін тұз өндіріледі.
Гүлайым Телеубаева, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу
басқармасы басшысының орынбасары:
Индер аудандық қоғамдық кеңестің ұсыныс пікірлері бәрі қаралады. Қаперге алынады заң шеңберінде. Ұсынылған экологиялық құжаттамалардың барлығы экологиялық кодекс талаптарына сәйкестігін біз қазір қараудамыз. Қорытындының шешімімен ғана олардың жұмысқа кірісуге құқығы болады.
Индер
тұздыкөлінің болашағына қатысты пікір осылайша екіге бөлініп отыр. Бір тарап
өндіріс өңір экономикасына серпін береді десе, енді бірі экологиялық зардапқа
алаңдайды. Әзірге нақты шешім шыққан жоқ. Жобалардың тағдыры экологиялық
сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда «Жасыл әлемге саяхат» атты іс-шара өтті
01.06.2026, 17:35
«Астана» футболшылары ерекше балаларға шеберлік сабағын өткізді
01.06.2026, 17:33
Бурабайда дипломаттар велосипедпен жарысты
01.06.2026, 17:30
Оқушылар ЖИ негізінде тың жобалар ұсынды
01.06.2026, 17:25
Цифрлық технологиялар әлеуметтану саласына ықпал етуде
01.06.2026, 17:22
Ақтөбе облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы $820 млн-нан асты
01.06.2026, 17:20
Маусымдық көкөністер арзандады
01.06.2026, 17:15
Мемлекеттік бюджет кірісі жоспардан асты
01.06.2026, 17:12