Ақорданы жүз оқушы аралады
Еліміздің әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы 100 оқушыға есігін айқара ашты. Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды. Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Ақорданы теледидардан, сырттай ғана көріп жүрген балалар үшін бүгінгі күн ұмытылмас әсерге толы болды. Президент
резиденциясының еңселі есігінен аттаған сәттен-ақ олардың жүзінен таңданыс пен
қуаныш сезілді.
- Бұл шығыс залы деп аталады. Шығыс залында Мемлекет басшысы көбінесе биресми кездесулерді өткізеді.
Оқушылар да Ақордаға құр қол келмепті. Қазақтың қасиетті домбырасын
күмбірлетіп, өнерлерін тарту етті.
- Мен бұл күйімді Президентке арнаймын.
Жеткіншектер өздерін нағыз мемлекет басшыларындай сезініп, бір бірімен
президенттерше қол алысып, естелікке суретке түсіп, ерекше әсерге бөленді. Олардың
бұл әрекеті ертеңгі шынайы көшбасшылыққа бастар үлкен арманның белгісіндей
көрінді.
Бейбарыс Бақтыбаев, оқушы:
Батыстан келдім, Орал қаласынан. Мен ұшақпен келдім. Маған Ақордаға бірінші рет келіп жатырмын. Өте ұнады, үлкен, өте үлкен, әдемі жер.
Әмірлан Қайрат, оқушы:
Мен осы Ақордаға келгенде өзімді Президент болып сезіндім және де маған Ақордаға келесің деген кезінде мен Семей қаласына бардым, базарына барып осы костюмді сатып алдым. Өйткені Ақорданың іші қандай әдемі, сондай мен әдемі болуым керек болдым.
Ұлан Махамбет, оқушы:
Ақорданың іші өмірде көргенге жетпейді екен. Былайша айтқанда біз теледидардан көргеннен кезден гөрі, Ақордаға шынайы көзбен көріп, келген өте жақсы және өте әдемі. Мен өзім музыкамен және де біліммен айналысамын. Мен облыстық олимпиадасының жеңімпазы және де үздік оқушы болғаннан кейін осы Ақордаға келіп тұрмын.
Ақордаға еліміздің ең үздік оқушылары шақырылды. Пән олимпиадаларында, спортта
және шығармашылықта топ жарған жеткіншектерге көрсетілген бұл құрмет – еңбектің
ешқашан елеусіз қалмайтынының дәлелі. Олар Президент резиденциясынан тек әсер
алып қана қоймай, бұдан да биік белестерді бағындыруға жігерленіп қайтты.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Павлодарда «Жасыл әлемге саяхат» атты іс-шара өтті
01.06.2026, 17:35
«Астана» футболшылары ерекше балаларға шеберлік сабағын өткізді
01.06.2026, 17:33
Бурабайда дипломаттар велосипедпен жарысты
01.06.2026, 17:30
Оқушылар ЖИ негізінде тың жобалар ұсынды
01.06.2026, 17:25
Цифрлық технологиялар әлеуметтану саласына ықпал етуде
01.06.2026, 17:22
Ақтөбе облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы $820 млн-нан асты
01.06.2026, 17:20
Атырау облысындағы Тұздыкөлде өндіріс артуы мүмкін
01.06.2026, 17:17
Маусымдық көкөністер арзандады
01.06.2026, 17:15