Еуропа елдері ауыз суды қатты үнемдеуге көшті
БҰҰ жаһан жұртын суды ысырап қылмауға үндейді. Ұйымның мәліметінше қазір әлем халқының 70 пайызы тіршілік нәрін барынша үнемдеуге мәжбүр. Ал, 2 жарым млрд адам таза ауыз суға мүлде жарымай отыр. Соның салдарынан диарея, басқа да ішек ауруларынан жылда 900 мың адам көз жұмады. Осыны ескерген ЕуроОдақ елдері суды үнемдеуді күшейтті. Көне құрлықта ауыз суды көлік жуу, бассейндерді толтыр үшін пайдалануға тиым салынды. Саябақтарды да енді тек жерасты суымен суару міндеттелді. Қонақ үйлер қазір бассейндерін теңіздің суымен толтырып жатыр. Тұрғындар болса жан басына күніне 200 литр судан артық тұтынбауы тиіс. Ережеге бағынбағандар 3 мың еуроға дейін айыппұл төлейді. Биліктегілер осындай шектеу енгізу арқылы «судың да сұрауы бар» екенін адамзатқа ұғындырмақ. Сарапшылар суды үнемдемесе, экономикалық, экологиялық дағдарыс қазіргіден де өршитінін айтады.
Вероника Сафранкова, БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Брюссельдегі кеңсесінің басшысы:
Суды үнемдеп, бей-берекет ағызуды тоқтатуымыз керек. Ауыл шаруашылығында егін өсіруге тиімді пайдаланбасақ, ашаршылық, су үшін әскери қақтығыстар өршиді. Су инфрақұрылымына мемлекет, жеке сектор тарапынан инвестицияны күшейтуіміз қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы