Елімізде 40 градусқа дейін ыстық болады
Жаз аптап ыстықпен басталғалы тұр. Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі. Ал батыс өңірлерде күн 22-24 градустан аспайды. Астана, Қарағанды, Павлодар және солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Ал Алматы, Шымкент, Қонаев және Талдықорған қалаларында 35 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Түркістан облысында сынап бағаны 40 градусқа дейін көтерілмек. Осыған байланысты мамандар тұрғындарға күннің ыстық уақытында далада ұзақ жүрмеуге, көбірек су ішуге және барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17