Басты Жаңалықтар ЛРТ екі аптада миллион жолаушыға қызмет көрсеткен

ЛРТ екі аптада миллион жолаушыға қызмет көрсеткен

Астанадағы LRT-ң іске қосылғанына екі апта ғана болса да, 1 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір LRT-мен күніне шамамен 65-75 мың жолаушы қатынайды. Қала тұрғындары мен қонақтарының жаңа қоғамдық көлікке қызығушылығы жоғары. Желі іске қосылғалы бері тұрғындар жаңа бағыттардың ашылуын да сұрай бастаған. Қазір Елорда әкімдігі LRT жобасының екінші кезеңін іске асыруға кірісті. Жаңа бағыт Косшы қаласына дейін жалғасады. Болашақта желі «Астана-1» вокзалына, Жағалау тұрғын алабына және Косшыға дейін салынады. Жоба аясында тағы 20 станция бой көтермек. Айта кетейік, Астанадағы LRT желісінің ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Жолаушыларды 15 жүргізушісіз пойыз тасымалдайды. Әр құрамның сыйымдылығы 600 адамнан асады.

Бөлісу