Соңғы 3 айда ұялы телефонмен сөйлескен 1,5 мыңнан астам жүргізуші айыппұл төледі
Соңғы үш айда ұялы телефонмен сөйлескен 1 жарым мыңнан астам Павлодарлық жүргізуші айыппұл арқалады. Тағы 3 мыңдайы қауіпсіздік белбеуін тағынбағаны үшін жазаланды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың наурыз айынан бастап облыс орталығындағы бейне камералар көлік рульінде отырып телефонға қараған және белдік тақпаған жүргізушілерді анық-қанық суретке түсіре бастады. Полицияның мәліметіне қарағанда, мамыр айынан бастап көлік иелері сымсыз құлаққаптар мен көлікке арналған арнайы телефон бекіткіштерді қолдануға көшкен. Өйткені, бірінші рет ұсталған адам 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Егер бір жылда екінші рет қайталанса айыппұл мөлшері 10 АЕК көтеріледі. Сарапшылардың пікіріне қарағанда телефонмен сөйлесу мас күйде көлік айдағанмен бірдей қауіпті болып саналады екен. Нақтырақ айтқанда адамның зейіні нашарлап көп жағдайда жол-көлік апатына ұласады. Сондықтан полиция жолда абай болуға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы