1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бүгінде елде 6 млн 902 мың 492 бала бар. Бұл – Қазақстан халқының шамамен үштен бірін құрайды. Оларға мемлекет тарапынан тегін білім және медициналық көмек алуға жағдай жасалған. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғалуына және қауіпсіздігіне бағытталған бағдарламалар іске асырылып жатыр. Осы мақсатта биыл 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. Одан бөлек Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың жеке шоттарына аударылып келеді. Соңғы жылдары балалар құқығын қорғайтын заңдар айтарлықтай күшейтілді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бала құқығын қорғауды күшейтетін 10 заң қабылданды. Сондай-ақ еліміздегі мектептер «Қауіпсіздік сабақтарымен» қамтылып, QR-111 жүйесіне қосылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы