Басты Жаңалықтар ЕАЭО елдеріне ортақ жасанды интеллект зертханалары құрылады

ЕАЭО елдеріне ортақ жасанды интеллект зертханалары құрылады

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ индустриялық жасанды интеллект зертханаларын құруды ұсынды. Бүгінде елімізде  әлеуметтік салалар жақсы цифрландырылғанымен, өнеркәсіп пен агросекторда деректерді пайдалану деңгейі әлі төмен. Енді жаңа орталық салалық деректермен қауіпсіз алмасып, аймақтың ерекшелігіне бейімделген шағын тілдік модельдерді бірге әзірлеуге мүмкіндік бермек. Форумға қатысқан Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан өкілдері де бастаманы қолдап отыр. Олар ортақ технологиялық стандарттар қалыптастырып, еңбек бөлінісі арқылы шығынды азайтуға болатынын айтты. Сонымен қатар, Қазақстан ЕАЭО елдерінің заңдарын біріктіретін ЖИ-көмекші әзірлеуді ұсынды. Мұндай жүйе азаматтар мен бизнеске шекара аралық ережелерді жеңіл түсіндіруге көмектеседі.


Бөлісу