«Медиа мектеп» бесінші маусымын аяқтады
Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Медиа мектеп» жобасының бесінші кезеңін қорытындылады. Бұл жай ғана жоба емес. Мамандығын медиа саласымен байланыстырған студенттерге үлкен мүмкіндік. Корпорацияның білікті мамандары тегін оқытып, медиа саласының қыр-сырын үйретті. Үйретіп ғана қоймай, көзінде от жанып тұрғандарын жұмысқа да қабылдайды. Биыл мұндай керемет мүмкіндік қанша студентке бұйырды?
Иә, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері бәрі-бәрі үйлесіп тұр. Бұл - «Медиа мектептің» биылғы жылғы түлегі. 3-курс студенті. 6 ай бойы «Қазақстанда» кәнігі мамандардан тегін білім алып, медиа саласының қыр-сырын меңгерді.
Әли Манарбеков, «Медиа мектеп» жобасының түлегі:
Тіпті өзіме арман болған УЕФА чемпионатының екі бірдей ойындарына БАҚ өкілдері ретінде қатысып та үлгердім. «Qazsport» телеарнасы маған жұмақ секілді көрінеді. Сол себепті «Медиа мектепке» алғысым шексіз.
Биылғы маусымның басты жаңалығы - спорт комментаторларын даярлау бағытының ашылуы. Жас таланттар «Qazsport» арнасында тәжірибе жинап, кәсіби комментаторлардан тікелей дәріс алды. Жобаға қызығушылық жыл сайын артып келеді. Биыл «Медиа мектепке» 300-ден астам өтініш түскен. Бірақ солардың тек 52-сі ғана іріктеуден өтті. Себебі мұнда диплом емес, талант пен талпыныс сыналады. Жарты жыл ішінде іріктелгендер тегін тәжірибеден өтіп, телевизияның нағыз «асүйін» көрді. Жай көріп қана қоймай, эфирге шығып, мәтін жазып, монтаж жасап, тіпті шараларға БАҚ өкілі ретінде қатысу мүмкіндігіне де ие болды.
Ернұр Бурахан, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы:
Бұл - ілкімді істердің нәтижесі. Осы 5 жылдың ішінде 123 студент медиа мектептен оқып шыққан болса, соның 24-і осы корпорация құрамында еңбек етті. Телеарнаға дайын маман қылып, тәрбиелеген осы отырған әріптестерімізге мың алғыс.
«Медиа мектептің» биылғы түлектерін Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасы Әлішер Қуатұлы арнайы келіп құттықтап, түлектерге сертификат табыстау рәсіміне қатысты. Камерадан қорықпайтын, эфирден қашпайтын, қоғамға ойын ашық жеткізе алатын жаңа буын қалыптасып келеді. Ал «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Медиа мектеп» жобасы сол буынның медиадағы алғашқы баспалдағына айналды.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді
29.05.2026, 20:55
Астаналық полицейлер 7 жасар баланы қуантты
29.05.2026, 20:52
БҚО-да жылу, су, электр желілері жаңартылып жатыр
29.05.2026, 20:21
Конституция – ел дамуын оңтайландыратын құжат
29.05.2026, 20:20
Әлем жаңалықтарына шолу
29.05.2026, 20:17
Ипотека мен автонесиеге сұраныс төмендеді
29.05.2026, 20:16
Үйдің техникалық және кадастрлық паспорты онлайн рәсімделеді
29.05.2026, 20:11
Балалар уәкілдері жабық мекемелерге кедергісіз кіре алады
29.05.2026, 20:09