Астанада «Балаларға бақыт сыйлайық» қайырымдылық концерті өтті
Балалар күні қарсаңында Астанада «Балаларға бақыт сыйлайық» атты қайырымдылық концерті өтті. №110 мектепте «Мейірімділік» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен акция аясында оқушылар өнер көрсетті. Сондай-ақ 70-тен астам бүлдіршінге арнайы сыйлықтар табысталды. Былтыр ғана пайдалануға берілген бұл заманауи білім ошағында қазір екі жарым мыңнан астам оқушы тәлім алады. Оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін 54 бала да сапалы оқу үрдісімен толық қамтылған.
Ақтоты Ахметова, №110 мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары:
Оқушылардың өнерін, білімін бағалау мақсатында қайырымдылық акциясы мектепте жиі жүргізіліп жатады. Әр оқушының өнерге, өмірге, әлеуметтенуге деген қызығушылығын қалыптастырады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11