Абай облысындағы әлеуметтік осал санаттағы балалар демалысын мемлекет көтереді
Биыл Абай облысында әлеуметтік осал санаттағы 5 мыңға жуық бала жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын болды. Ол үшін бюджеттен 372,6 миллион теңге бөлінді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда қауіпсіздік мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. 1 сәуірден бастап сауықтыру қызметтерін лицензиялау жүйесі енгізілді. Енді әр лагерь медициналық қызметпен, қауіпсіз ауызсумен, сапалы тамақтандырумен және санитарлық талаптармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Жалпы, өңірде жаз бойы 329 балалар демалыс орталығы жұмыс істейді. Оған қоса жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдары мен колледждердегі үйірмелерде 80 мыңға жуық бала қамтылмақ.
Темірлан Қалелов, облыстық Білім
басқармасы басшысының орынбасары:
Ең алдымен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға басымдық беріледі. Сонымен қатар білім мен өнерге, ғылым мен спортта жетістікке жеткен, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан дарынды оқушылар да назардан тыс қалмайды. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру тек бос уақыт өткізу емес, бұл өскелең ұрпақтың қауіпсіздігіне, тәрбиесіне жан-жақты жасалған қамқорлық.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17