Қарағанды облысында жаңа құбыр зауыты іске қосылады
Қарағанды облысы Саран индустриалды аймағында жаңа құбыр зауыты іске қосылады. Қазақстан мен Ресейлік серіктестердің бірлескен кәсіпорыны биылдың өзінде 8000 тонна өнім өндірген. Зауытта 400-ге жуық адам жұмыс істейді. Жыл соңына дейін өнеркәсіп толық қуатта жұмысын бастамақ. Алдағы уақытта зауыт жыл сайын 370 мың тонна өнім өндіруді көздеп отыр. Оның үстіне жұмысшылар саны да 2 есе артпақ. Кәсіпорын өнімі коммуналдық секторда, мұнай-газ және машина жасау саласында кеңінен қолданылады. Жоба толықтай жеке қаржы есебінен жүзеге асуда. Қазірдің өзінде көршілес елден 50 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылған.
Александр Белоусов, «Тэмпо - Қазақстан» ЖШС техникалық директоры:
Өнеркәсіп Қазақстан бойынша баламасы жоқ бірегей жоба. Қазір ішкі нарықты қамтамасыз етуге тырысамыз. Алдағы уақытта экспортқа шығару жоспарда бар. Мұнда дәнекерленген тігісті күйдірудің ерекше технологиясы қолданылады. Соның арқасында құбырды өте жоғары температурада қолдана алады.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06