Футбол. Қазақстан құрамасы 128 орында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол. Қазақстан құрамасы 128 орында

02.01.2014
Футбол. Қазақстан құрамасы 128 орында

FIFA жариялаған рейтинг бойынша Қазақстан құрамасы турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартқан. Төрт сатыға көтерілген аяқдопшыларымызз 128-ші орынға табан тіреді.

 
Еуропа мен Әлем чемпионатының жеңімпазы Испания футболшылары жеке-дара топ бастап келеді. Олардың еншісінде 1507 ұпай. Германия құрамасы екінші болса, үздік үштікті Аргентина командасы түйіндеді. Одан әрі Колумбия, Португалия және Уругвай ойыншылары тұр.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу